2 сәуір күні Отырар ауданы білім бөлімінің қолдауымен «С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де өте маңызды топтық семинар өтті.
Семинардың өзекті тақырыптары:
Аудан көлеміндегі интернет алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу.
Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың және ерте жүктіліктің алдын алу.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу.
Күн тәртібі:
Аудан көлеміндегі интернет алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу.Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың жай-күйі, ерте жүктіліктің алдын алу.
Баяндамашы: Отырар АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты З.Надирова
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың және нашақорлық, лудоманияның алдын алу.
Баяндамашы: Отырар АПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ-ры, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев
Қатысушылар: Семинарға 95 маман қатысты, оның ішінде жоғарыда аталған Отырар АПБ қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері.
Семинар барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды қоршаған ортадағы қауіптерден қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері жан-жақты талқыланды.