С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Бұйым безендіру" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де

«Өнер әлеміне саяхат» тақырыбындағы «Өнер» пәні әдіс бірлестігінің 23.02–06.03.2026 ж. аралығындағы онкүндігінің жоспарына сәйкес Бейсеева Ф 5-сынып оқушыларымен 24.02.2026 ж "Бұйым дайындау. Бұйым безендіру" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында мұғалім қыздарға құрақ қию, оларды дұрыс пішу жолдарын тереңінен түсіндірді. Практика барысында қағаз қиындыларымен оқушылар құрақ құрап оны дұрыс орналастыру жолдарын үйрене білді. Сонымен қатар мұғалім сергіту сәті ретінде қолөнер тақырыбында мақал- мәтелдер айтқыза білді.

Қазақтың түрлі ою- өрнектерінің рухани құндылық екендігін оқушылар бойына сіңіре білді. Сабақ өз мақсатына жетті.

 641219146 2330799550717421 8671694948199009334 n 641260912 2330799540717422 3107286207694503575 n641393381 2330799614050748 5200394337406168794 n