С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Бақытты балалық шақ!» тақырыбында жалпы жиын өтті.

«Бақытты балалық шақ!» тақырыбында жалпы жиын өтті.

Отырар ауданының білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де

📅 14 мамыр 2025 жылы аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 8 мамырдағы №41-10/582 хатына сәйкес, мектебімізде 5–11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен «Бақытты балалық шақ!» тақырыбында жалпы жиын өтті.

🔹 Жиынды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Бабашов ашып, қатысушыларды аудандық білім бөлімінен келіп түскен ресми хатпен таныстырды. Сонымен қатар, аудан көлемінде мектеп жасындағы оқушылар арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар жөнінде ақпарат берілді.

🔹 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Әміртаев жиын барысында сөз сөйлеп, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.

📌 Жазғы демалыс кезеңінде:

өзен-көлдерге бармау;

тыйым салынған аймақтарға шомылмау;

егістік және басқа да қауіпті аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтау;

📌 Сонымен қатар:

беймезгіл уақытта ауыл көшелерінде жүруге қатаң тыйым салынатыны;

әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану;

белгісіз сайттарға кірмеу;

бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔔 Жиын соңында оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы арнайы нұсқаулықтар берілді.

📌 Мақсат – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болашаққа сенімді қадам басуына жағдай жасау.

#БақыттыБалалықШақ #ҚауіпсізЖаз #СейітқасымӘшіровМектебі