Отырар ауданы білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, "Мектептен мектепке" жобасы аясында 02.04.2026ж Абай атындағы ЖББМ мектебінен С. Әшіров атындағы ЖББМ-не әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Білім сапасын арттыру, мұғалімдердің үздік педагогикалық әдіс-тәсілдерін тарату және шеберліктерін дамыту мақсатында өткізілген бұл жоба жоғары деңгейде өткізілді. Жоба барысында мектептер арасында өзара ынтымақтастықты нығайту арқылы білім мазмұнын жетілдіру және педагогтердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстары көрініс тапты.










