С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында өткізді.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында өткізді.

14.01.2026 жылы С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жасанды интеллект дәуіріндегі математика мен информатика» тақырыбында өтетін «Алгоритм» бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес ашық сабақ ұйымдастырылды.

Ашық сабақты математика пәні мұғалімі Ерқұлов Бауыржан 6 «Ә» сыныбында алгебра пәнінен «Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында өткізді.

Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Ойын элементтері мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына ықпал етті.

Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

615227016 2295684970895546 4427886589021271101 n615412938 2295685064228870 1163931444531204214 n   615816583 2295684947562215 5574199721481207869 n