Отырар ауданының білім бөлімінің « Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.02.2025 жылы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына байланысты «Ауғанстан соғысы ардагерлеріне тағзым!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Қоғам ауылының тумасы, Ауғанстан соғысының ардагері Бейсеев Орынбек ағамыз оқушылармен кездесіп, ауған соғысы кезінде көзі көрген оқиғалар жөнінде әңгімелеп берді. Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, балаларға Отанды сүюге, білімді болуға шақырып, қай жерде болмасын білімнің қажет екендігі жөнінде айтып өтті. Мектеп директоры Ә.Әріпбек ардагер Бейсеев Орынбек ағамызға мектеп ұжымы атынан, оқушылар атынан үлкен рахмет айтып іс-шараны қорытындылады.
Все реакции:
27Вы, Mahabbat Alimbekova, Адил Одаманов и ещё 24