Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында .
«С Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанындағы шағын орталықтың тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Дәстүрімнің бал қаймағы әжелер» сайысы өткізілді .Бұл сайысқа Базарбай Нариман Гүлшахар әжесімен,Жұмабай Ясина Мақсат әжесімен және Оралхан Шерхан Күміс әжесімен сайысқа түсіп өнерлерін ортаға салды.Сайыстың мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым қатынасты нығайту ,әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін одан әрі күшейту.Қазақтың салт-дәстүрін, әдет- ғұрыптарын бойына сіңіру.Баланы кішіпейілдікке,қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.сайыс соңында әжелерімізге ұмыт қалып бара жатқан салт дәстүрімізді жастарға насихаттап үйретуден жалықпаңыздар демекпіз . Әжелеріміз Мейірімді әже,Өнерлі әже,Парасатты әже деген мадақтамалармен марапатталды.