«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай,бастауыш сынып мұғалімі Додабаева Оразкул Зияқызы 15.12.25жылы 4 «Ә»сынып оқушыларымен «Елдік пен ерлік-Тәуелсіздіктің тірегі»тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларға елдік,ерлік,отансүйгіштік ұғымдарын түсіндіру.Қазақ халқының батырлық дәстүрін ,тәуелсіздікке қол жеткізудегі ерлік жолын дәріптеу.Тәуелсіздік-халқымыздың ең қастерлі құндылығы.Ол ата-бабамыздың сан ғасырлық арман тілегінің орындалуы,ерлік пен елдіктің жемісі.Тәуелсіздік бізге өз тілімізде сөйлеп,өз жерімізде еркін өмір сүруге, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға мүмкіндік берді.Бүгінгі бейбіт өмір мен ашық аспан-кешегі батырлардың жанқиярлық күресінің нәтижесі. Оқушылар тәуелсіздік жайында өлең тақпақтар жаттап,ән айтып,би биледі.Жалғасбек Әлинұр,Жамбыл Аруна,Өміртай Көркем,Талғат Айару,Жұмабай Айбибінің орындауындағы әндер оқушыларды жігерлендіріп,келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.






