С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«English and AI: A step into the future » ағылшын тілі пәні онкүндігі басталды.

«English and AI: A step into the future » ағылшын тілі пәні онкүндігі басталды.

26.01.2026 күні С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Сана» пән-әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні онкүндігінің ашылуы болды.

Онкүндіктің негізгі мақсаты:

🔹 оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру;.

Сонымен қатар оқушылардың сөздік қорын молайту,. математика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру;

🔹 тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту,;

🔹 шығармашылық қабілеттерін ашу және коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіру;

🔹 ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау, ақпаратты талдау, шығармашылық ойлау және болашақ технологияларға бейімделу қабілеттерін қалыптастыру.

🔹 дарынды, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

Бұл онкүндік – оқушылар үшін өз білімін көрсетуге, ал ұстаздар үшін тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік. Барша қатысушыларды белсенділік танытып, іс-шараларға атсалысуға шақырамыз.

Болашақ – білім мен технологияны меңгерген ұрпақтың қолында!