С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2026 жылдың 1 сәуір күні Ерденұлы Тұрар атындағы робототехника кабинеті салтанатты түрде ашылып, оқушылар игілігіне пайдалануға берілді.
Заманауи талапқа сай жабдықталған бұл кабинет – білім мен технологияны ұштастыратын жаңа мүмкіндік алаңы. Мұнда оқушылар өздерінің техникалық білімін жетілдіріп қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, тың жобалар жасап, болашаққа нық қадам жасай алады.
Аталған игі іс – жас ұрпақтың сапалы білім алып, заманауи бағытта дамуына жасалған маңызды қадам.









