С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің «Сапалы білім мен жасанды интеллект – зияткер ұрпақ негізі» атты онкүндігінің іс-жоспары аясында 2026 жылдың 13 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімі Сартай Дана 3 «А» сыныбында орыс тілі пәнінен «Это всё из молока» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ «Волшебная палочка» әдісі арқылы ұйымдастырылған психологиялық ахуал кезеңінен басталып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. «Десятка» әдісі арқылы білім алушылар үш топқа біріктіріліп, топтық, жұптық және жеке жұмыстарды қызығушылықпен орындады. Сабақ барысындағы тапсырмалар күнделікті өмірмен байланыстырылып, оқушылардың белсенділігі артты.
Білім алушылар күрделі сөйлемдер мен сөздерді байланыстыратын қосымшаларды (предлоги) ажыратып, өз білімдерін қолдана білді. Сонымен қатар, «Wordwall» қосымшасы арқылы түбірдегі жұп дауыссыздарды сәйкестендіру тапсырмаларын орындап, цифрлық платформамен жұмыс жасады. Сабақтың әр кезеңінде жасанды интеллект элементтері тиімді қолданылды.
Сабақ соңында «Десятка» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сабақ өз мақсатына жетті.










