С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сергек» әдістемелік бірлестігінің «Спорт – серігіміз, денсаулық – болашағымыз» тақырыбындағы онкүндік аясында 2026 жылдың 23 сәуір күні денешынықтыру пәні мұғалімі Ғ. Қалжанов 5-сынып оқушыларымен «Футбол. Командалық шабуыл» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар командалық ойын дағдыларын жетілдіріп, бірлескен әрекет арқылы шабуыл ұйымдастыру тәсілдерін меңгерді. Оқушылар белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.








