Үйірменің үйретері мол!
С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де "Сергек" және "Өнер" бірлестіктерінің онкүндігі аясында
12 мамыр 2025 жыл
«Тігінші қыздар» үйірмесіне ашық сабақ өтті.
Үйірме жетекшісі Шайхысылам Әсия «Құрақтың шетіне шетірмек дайындау» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.
Сабақтың мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, құрақ көрпенің маңыздылығын түсіндіру. Қазақ дәстүрінде құрақ көрпе қыз жасауына міндетті түрде қосылатын бұйымдардың бірі болып табылады. Ол – «Басы құралсын, малы құралсын» деген ырыммен беріледі.
Сабақ барысында оқушылар:
- Құрақтың түрлерімен, олардың атаулары мен жасалу жолдарымен танысты;
- Шетірмек – құрақтың шетіне тігілетін үшбұрышты мата қиындылары арқылы жасалатыны, оның қазіргі уақытта көрпенің шетіне сән беріп қана қоймай, шеткі тігістердің беріктігін арттыратыны туралы мағлұмат алды.
Ашық сабақ оқушылардың қызығушылығын оятып, қолөнерге деген сүйіспеншілігін арттырды.
Сабақ барысында түсірілген суреттерден ұлттық тәрбиенің, салт-дәстүрге деген құрметтің айқын көрінісін байқауға болады.