Отырар ауданы білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды «А» сынып педагогі Қыдырбаева Күлән 03.04.2025жылы сынып тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Сөйлеуді дамыту іс-әрекеті бойынша «Қасқыр мен түлкі» ертегісін айтып берді. Балалар шаттық шеңберде бір біріне жылулық тілеп, ертегіні мұқият тыңдады. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында жұмбақтар шешті, қастыр мен түлкінің суреттерін салып, қиып жапсырды. Сыр сандықта жасырылған сұрақтарға жауап берді, сергіту сәтін іс-қимылмен орындады. Балалар ертегіні рольдерге бөліп ойнады. Сыйқылы қоржын әдісі арқылы кері байланыс жасады. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады. Ұйымдастырылған іс-әрекет өз дәрежесінде өткізілді