Отырар ауданы білім бөлімінің 11.11.2025 ж. №41-10/1319 хатына сәйкес «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 17.11.2025 жылы 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, сынып жетекшілері және Отырар ауданы АПБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Сапарбаев Ердәулет, Отырар ауданы АПБ ҚКБ УПИ инспекторы полиция капитаны Зәуірбек Нұрдәулет, сондай-ақ Отырар ауданы АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Сержан Мерей қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі, құқықтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектептің педагог-психологы Г.Нұрбек «Заң және тәртіп» тақырыбындағы арнайы дайындалған слайд арқылы оқушыларға құқық бұзушылық дегеніміз не, түнгі уақытта жүру ережелері, буллинг (жәбірлеу), вандализм сияқты маңызды тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат берді.







