С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қауіпсіздік балалық шақ жобасы аясында іс-шара өтті

Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп »КММ де 09.09.2025 ж Отырар ауданының прокуратурасының 2-12 25-00811 хатына сәйкес, 2025-2026 оқу жылындағы Қауіпсіздік балалық шақ жобасы аясында

9 қыркүйек 2025 жылы мектебіміздің 7–11 сынып оқушыларымен Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Бахадур Еркебұлан, Отырар АПБ кадр жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Нұрбеков Асхат, Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі

Меңлібаев Талғат Базарханұлы, мектеп инспекторы Д.Ерденова кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған:

▪️ лудомания (құмар ойынға әуестік),

▪️ нашақорлық,

▪️ ерте жүктіліктің алдын алу,

▪️ буллинг тақырыптары жан-жақты түсіндіріліп, зиянды әдеттердің салдары мен жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берілді.

Шара барысында оқушыларға дұрыс таңдау жасау, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.

Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіп-қатерден сақтандыру және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.