С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қазағымның салт-дәстүрін дәріптей білейік» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Отырар ауданы «С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігіне сәйкес, «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» күніне орай 2026 жылғы 15 сәуірде «Қазағымның салт-дәстүрін дәріптей білейік» тақырыбында тәлімгер А.Майлыбай әжелермен кездесу ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың салт-дәстүрлері туралы тағылымды әңгімелер тыңдап, ұлттық құндылықтардың мән-маңызын терең түсінді. Ақ жаулықты әжелер өз өмір тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің орнын ерекше атап өтті.

Кездесу жас буынның рухани дамуына оң әсер етіп, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етті.

 671944209 2373160039814705 8164700865008085249 n 672159968 2373160093148033 8935946781696157496 n 672680356 2373160156481360 8654777674228419512 n