С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Көлік құралы үлгісін дайындау»

Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өнер әлеміне саяхат» тақырыбындағы «Өнер» пән әдіс бірлестігінің онкүндігі аясында 04.03.2026 жылы көркем еңбек пәні мұғалімі С. Қалназаров 6-сынып оқушыларына «Көлік құралы үлгісін дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, түрлі материалдардан өздерінің шығармашылық жобаларын жасап көрді. Әрбір бала қиялын еркін танытып, өнер арқылы практикалық дағдыларын жетілдірді.

Ашық сабақ мақсаты – оқушылардың көркем еңбек қабілетін дамыту, шығармашылық ойлауын кеңейту және әр оқушының жеке ерекшелігін қолдау. Сабақ соңында жасалған модельдерді одан әрі көркемдеу мақсатында үйге шығармашылық тапсырма берілді. 🎨🛠️