Қош бол, балабақша!" атты мерекелік іс-шара
22 мамыр 2025 жылы Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Абжанова Меруерттің ұйымдастыруымен "Балдәурен" тобының тәрбиеленушілерімен "Қош бол, балабақша!" атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік кеш барысында балалар "Біз мектепке барамыз!" және "Бақшамызға мың алғыс" әндерін хормен орындап, "До-ре-ми" ноталар биі мен "Алғашқы вальс" биін билеп, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, сандарды санап, жылдар бойындағы естелік сәттерді фото-видеослайд арқылы бөлісті.
Тәрбиеленушілер өздерін тәрбиелеген ұжымға алғыстарын арнап, жүрекжарды тақпақтарымен ықылас-ниеттерін білдірді. Өнерлі қыздар ән мен биден шеберліктерін көрсетіп, көрерменнің көңілінен шықты.
Осындай әсерлі іс-шаралар жалғасын таба берсін! Шағын орталық ұжымына шығармашылық табыс пен үлкен алғыс білдіреміз!