ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! ![]()
![]()
9–11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ауыл балаларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың» республикалық кезеңінде мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қалдыбай Таңшолпан Айдосқызы ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – оқушының қажырлы еңбегі мен ұстаз еңбегінің жарқын көрінісі.
Жеңімпаз оқушыны жоғары деңгейде дайындаған жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Куанбаева Қаракөз Сұлтанбекқызына зор алғыс білдіреміз.![]()
Білімділер бәйгесінде бақ сынап, жүлделі орындардан көрінетін шәкірттеріміз көп болсын!
Жетістіктеріңіз еселене берсін!






