Қыз баланың тәрбиесі – халық тәрбиесінің айнасы
Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте 2-11 сынып аралығындағы қыз балалармен арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, қыз балаларды инабаттылыққа, сыпайылыққа, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Шара барысында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Кушерова сөз сөйлеп, қыз бала тәрбиесінің қоғамдағы, отбасындағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар қазіргі заманда қыз баланың өзін-өзі ұстауы, киіну мәдениеті, сөйлеу әдебі, отбасы құндылықтарын сақтау туралы тұщымды пікірлер айтылды.
Жиналыс барысында оқушылар көкейіндегі сауалдарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Шара қыз балалардың бойында жауапкершілік, тәртіп, инабаттылық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.