Түркістан облысы білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" КММ "Білім шыңы" Республикалық білім беру парадигмасын дамыту және біліктілікті арттыру орталығының 2025 жылдың 17наурызындағы шығыс N 35 хатына сәйкес 21-31 наурыз аралығындағы көктемгі каникулда өтетін "Каникулда кітап оқимыз" атты кітап оқу марафонына 5 сынып оқушыларынан 13 оқушы қатысып жатыр. Марафонға ұсынылған кітап- "Қазына қақпасы". Кітап оқу 3 сәуірге дейін жалғасады. 2 турда оқушылар оқыған кітаптары бойынша тест тапсырмаларын тапсырады. Бұл шара оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға, сөздік қорын молайтуға және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, оларды кітап оқуға ынталандырады.