С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Құқық бұзушылықтың алдын алу, көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

«Құқық бұзушылықтың алдын алу, көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

Отырар ауданы Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.03.2025 жылы «Құқық бұзушылықтың алдын алу, көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында жалпы ата аналар жиналысы болып өтті. Жиын барысында полиция аға лейтенанты Надирова Зүбайра «Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылықтан қорғау» тақырыбында баяндама жасап видео ролик көрсету арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әміртаев Зәуірбек оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Мектеп директоры Әріпбек Әділхан оқушыларды сабақтан қалмай келуіне ата- аналар жағдай жасау керектігі,бала бір күн қалған жағдайда көптеген бағдарламаны игермей қалатындығын, оның ертең балаға үлкен зиян келтірітіндігі жөнінде әңгімелеп жиналысты қорытындылады.

484927951 2042473289550050 1466311183189451825 n484826936 2042472722883440 7403379706032216783 n484858007 2042472772883435 4155234652880097325 n484928388 2042472886216757 3679864842319951966 n484944146 2042473076216738 7298347182446647421 n485209811 2042473342883378 6531710057607897124 n