"С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасының аясында кітапхана меңгерушісі Ж.Оразалиеваның ұйымдастыруымен жас мамандар арасында "КітапSTAR" сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты - жас мамандардың арасынан кітапқа құмар оқырмандарды көбейту. Көркем әдебиетке деген қызығушылықты күшейту. Кезеңге бөлінген сайыста сүйіп оқитын шығармаларымен қоса, Зейнолла Шүкіровтың "Ғажайып құмыра" шығармасын талдап, дәріптеді. "Біле жүріңіз" айдары арқылы салт-дәстүр, адамгершілік, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған сұрақ-жауаптар алынды. Бұдан өзге "Уақыттың көз жасы", "Сенім", "Ғажайып" шығармалары қорғалды.