С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Барша ұстаздарды ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз!

«Адал азаматқа» тән еңбекқорлық,іскерлік,жауапкершілік,білімпаздық,жан-жақтылық,балаға білгенін жалықпай үйрету секілді асыл қасиеттердің бәрі Ұстаздардың бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда назарда болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек. «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Еңбек адамына деген шынайы құрмет, оның қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттырудың айқын көрінісі ретінде мектептің кіші қызметкерлері мен ұстаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ұзақ жылдар бойы осы мектепте ұстаз болып, зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздардың ұжымға жолдаған жылы лебіз,құттықтау тілектері тыңдалды. Жас ұстаздар ұжымды,барша ұстаздарды құттықтап, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Ұстаз-мектептің жүрегі. Барша ұстаздарды ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз!