С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

« Ұлт тарихы-ұрпаққа аманат

С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте 04.12.2025ж "Шежіре" пән-әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен « Ұлт тарихы-ұрпаққа аманат» тақырыбында тарих-құқық пәндерінің онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі Ф.Турымбетова 6 сыныптар арасында «Тарих әлеміне саяхат» атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту, Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру.Оқушылар сайысқа өте белсенді ат салысты. Сайыс соңында жеңімпаз топ марапатталды.