09.12.2025ж күні С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте "Шежіре" пән-әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен « Ұлт тарихы-ұрпаққа аманат» тақырыбында тарих-құқық пәндерінің онкүндігі аясында Нарымбетова Бибігүлдің ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларымен “Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық қозғалыс” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ең алдымен санақ арқылы 3 топқа бөлінді. Оқушыларға өздерін бағалап отыру үшін “Миға шабуыл”әдісі бойынша карточкалар таратылып берілді. “Ғажайып ұяшықтар”, “Даталар сөйлейді”, “Сурет сыр шертеді”, “Кестені сәйкестендіру” және “картамен жұмыс жасау” тапсырмалары беріліп, оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақтын соңында оқушылар “Данышпан үкі” әдісі бойынша сабаққа кері байланыс жасады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.






