Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі
Облыстық білім басқармасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі №25/2211 хатына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың 2024 жылғы 15 наурыздағы отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты жоспар аясында ұйымдастырылды.
Шараға Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Мұхтар Әуезұлы және Ауған соғысының ардагері Бейсе Орынбек арнайы қатысты. Қонақтар Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Әшіровты еске алып, оның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға патриоттық рух сыйлады.
Бұл – өскелең ұрпаққа ерлікті үлгі еткен тағылымды әрі рухани маңызды іс-шара болды.
#ҰлыЖеңіске80жыл #ЕрліккеТағзым #ОтанСүйгіштік #ТарихТәрбиесі #БіртұтасТәрбиеБағдарламасы #Отырарауданы