С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Мәртебемізді асырған — мерейлі жеңіс!

Мәртебемізді асырған — мерейлі жеңіс!

РЕСПУБЛИКА 🥉ОРЫН

🇰🇿Мәртебемізді асырған — мерейлі жеңіс!

Қуанышпен бөліссек — көбейеді!

Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін ұйымдардың 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық VII «Абайтану» олимпиадасынан мектебіміздің 10-сынып оқушысы Қалдыбай Таңшолпан жүлделі

III орынды қанжығасына байлап, үлкен жетістікке қол жеткізді!

📚Бұл – Абай әлеміне терең бойлап, рухани құндылықтарды жүрекпен сезіне білген білімді де талапты шәкірттің еңбегі!

Оқушымыздың осы белеске жетуіне жол сілтеп, қажырлы еңбек еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанбаева Каракөз Сұлтанбекқызы әріптесіміздің еңбегі ерен.

🔥Білім мен ізденістің, ұстаз бен шәкірттің үйлесімді еңбегінен туған бұл жетістік — мектебіміз үшін зор мақтаныш!

Таңшолпанға да, ұстазы Қаракөз Сұлтанбекқызына да шын жүректен алғыс білдіре отырып, алар асуларыңыз биік болсын деп тілейміз!

📗Абайды таныған ұрпақ — рухы биік ұрпақ!

💐Жеңісіңмен, Таңшолпан!