Ағымдағы жылдың қарашаның бесінші жұлдызы күні мектебімізде «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбындағы онкүндік аясында 6-сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың тіл байлығын арттыру және шешендік өнерге баулу.
Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрмашева Әйгерім ұйымдастырды. Байқау алты кезеңнен тұрды. Оқушылар «Алаш» және «Барыс» атты екі топқа бөлініп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін көрсете білді.
Әр кезең қызықты да тартысты өтті. Қатысушылар мақал-мәтелдердің мәнін ашып, мағынасын түсіндіріп, тіл мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.
Нәтижесінде, ерекше белсенділік танытқан «Алаш» тобы жеңіске жетті. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін әділ бағалап, жеңімпаздарды марапаттады.
Іс-шара оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухты көтеруге зор ықпал етті.







