«С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 18 сәуір күні 1”ә” сынып жетекшісі Айдарбекова Раушан “Мейірімділік және игі істер” тақырыбында сынып сағатын өткізді
Мақсаты: Оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды, мейірімділік пен қайырымдылық сезімдерін дамыту, бір-біріне көмек қолын созуға, жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Сынып сағатын жүректен –жүрекке шаттық шеңберінен бастады. Балалар мейірімділік туралы өз пікірлерін білдірді. Мұғалім мейірімділік жүректен шығып, қолмен жасалатын дүние екенін түсіндіріп, әр баланы мейірімділік пен қамқорлық жасауға шақырды. Балалалардың жас ерекшелігіне орай, мейірімділік тақырыбында боямақтар боятып, салған суреттерінің мазмұнын сұрады. Сабақ соңында «Мейірімді жүрегіміз» жаттығуын жасап, сабақты қорытындылады.
Все реакции:
5Berdibai Tursynbaev, Мадина Ермахан и ещё 3