С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“Мейірімділік және игі істер” тақырыбында сынып сағатын өтті.

“Мейірімділік және игі істер” тақырыбында сынып сағатын өтті.

Отырар ауданының білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8”ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі Ертай Розамен 18.04.2025ж күні “Мейірімділік және игі істер” тақырыбында сынып сағатын өтті. Шара барысында оқушылар мейірімділіктің адам өміріндегі орны мен маңызын талқылап, өз тәжірибелерінен игі істерге мысалдар келтірді.

Сынып сағаты балалардың жүрегіне жылулық ұялатты. Жақсылық жасау, көмек қолын созу, бір-біріне жанашыр болу – осының бәрі мейірімділіктің жарқын көрінісі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.