С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»

 

  25 мамыр – Қазақстандағы "Соңғы қоңырау" күні, яғни оқу жылының ресми түрде аяқталатын мерекелік күні. Бұл күн – оқушылар, ұстаздар, ата-аналар үшін ерекше әрі толқулы сәт. 25 мамыр аптаның демалыс күніне тұспа тұс келгендіктен, биылғы соңғы қоңырау 23 мамырда аталып өтті. "Білімім- Отаныма" тақырыбындағы соңғы қоңырау мерекесі-С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебі үшін бүгінгі мереке жоғарғы деңгейде өтті. Бұл мереке 11-сынып түлектері үшін— мектеппен қоштасу, үлкен өмірге қадам басу сәті болса

бастауыш және орта буын оқушылары үшін — бір сынып жоғары көтерілу мерекесі.

Мұғалімдер үшін — жыл бойғы еңбектің қорытындысы болса,

ата-аналар үшін— баласының тағы бір оқу жылын табысты аяқтағанын көретін қуанышты күн.

Бүгінгі салтанатты жиынды мектебіміздің басшысы Ә. Әріпбек ағай ашып беріп, мектебіміздің білім сапасы,сапалық құрамына қысқаша тоқталып, 2024-2025 оқу жылында облыстық,республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысқан оқушылар мен жетекшілерді марапаттады. Сонымен қатар іс-шараға келген қонақтар, мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 20, 30 жыл болған түлектерге сөз берілді. Ата-аналарда ізгі тілектерін айтып өтті. Мектеп бітіруші түлектерге тілектер айтылып, мереке түрлі әндер мен мың бұралған биші қыздарымыздың биімен жалғасты. Соңғы қоңырау соғылып, 11 сынып жетекшілері Ж.Карибаева мен А.Көлбайдың орындауында "Қимай тұрмын" әнімен қоштасу шаралары ұйымдастырылды.

Соңғы қоңырау мерекесі- балалықтың соңғы үні, болашаққа бастар алғашқы қадам! Мереке құтты болсын!