«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 және 11 сынып оқушылары арасында 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Республикам!» тақырыбында дебат сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, пікірталас мәдениетін дамыту, еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Дебат барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, ел бірлігінің маңызы мен Қазақстанның дамуына әр азаматтың қосар үлесі жайлы әсерлі пікірлер білдірді.





