С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Өнер фестивалі  өткізілді.

Өнер фестивалі өткізілді.

«Отырар ауданы білім бөлімі Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.02.2025 жылы «Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде» тақырыбында өнер фестивалі өткізілді. Мақсаты: жас таланттардың шығармашылық жұмысын қолдау, оқушы жастардың құндылық бағдарларын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан қалыптастыру.Іс- шара барысында өнер көрсеткен өнерпаз оқушыларымызға әділ қазылар алқасының төрағасы Рысбай Серғазы мырза алғысын білдірді, Мектеп директоры Әріпбек Әділхан ағай оқушыларымызға үлкенн жеңістер мен толағай табыстар тілеп, іс-шараны қорытындылады

#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы