


«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбекке баулу және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі Бекет Мәрзия Әміртайқызы «Өрімтал» бастауыш сыныптар пән әдіс бірлестігінің
«Сапалы білім мен жасанды интеллект-зияткер ұрпақ негізі» атты онкүндігі аясында 2-4 сынып оқушылары арасында 15 сәуір күні «Өнерлі бала-өрге жүзер» тақырыбында қолөнер және сурет көрмесін өткізді.
Көрменің мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге қызығушылығын арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру. Көрмеге қатысқан оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдар мен әсем суреттерін ұсынды.
Көрме барысында:
-табиғи материалдан жасалған жұмыстар,
-түрлі материалдардан жасалған қолөнер жұмыстары,
-бояумен салынған көркем суреттер ұсынылды.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсете білді. Мұндай шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелейді.
Көрмеге қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!
Өнерлерің өрге жүзе берсін!





