"Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Додабаева Оразкул Зияқызы 03.03.2026жылы 4 “Ә” сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен 96 сабақ «Етістік» 59-64жаттығулар тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін,жанрын стилін салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Етістік туралы білетіндерін еске түсіру. Оқушылардың тілдік қорын,логикалық ойлауын,топпен,жұппен жұмыс істеу дағдыларын дамыту көзделді.Сабаққа дайындық ораза айының құрметіне орай ата мен әженің батасымен психологиялық ахуалды қалыптастырумен басталды. Өткенге шолу “Қоржын”әдісі арқылы пысықталды. Үй тапсырмасы тексеріліп, сұрақ –жауап арқылы жүргізілді.Жаңа сабақ
Кім тапқыр? ойыны арқылы ребус шешіп бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтады.Етістік туралы білетіндерін айтып мысалдар келтірді. Сабақта wordwall платформасынан ойындар ойнатып,топтарға тапсырмалар беру арқылы тақырыпты аша түсті.Мұғалім оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру үшін қысқа сергіту сәтін өткізді. «Ойлан, топтас» және «Суреттер сөйлейді» әдістерімен тапсырмалар берілді. Сабақта оқушылар «Домбыра» әдісі арқылы бағаланып. Кері байланыс Алдар көсемен арқылы жасалды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.






