С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Оқитын сынып"

С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын сынып» жобасы аясында 6 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен танымдық оқу сағаты өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Ф. Тұрымбетова мен кітапханашы И. Сапарбай бірлесіп ұйымдастырды.

Оқу сағаты барысында оқушылар қазақ халқының ұлы тұлғасы,ғалым,саяхатшы Шохан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, жазушының қаламына тән ерекшеліктерді талдады. Шығармаларын зерттеп, өздерінің оқуға деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара оқушылардың рухани дүниесін байытып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосты.

Мақсаты:Оқушыларға Шохан Уәлихановтың өмірі мен еңбегін таныту,танымдық қызығушылығын арттыру,топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

602390975 2279441232519920 5297886630748337484 n606021134 2279441379186572 765132528678899216 n602338894 2279441329186577 4983711535852555203 n