С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Оқу-жаттығу барысында шартты түрде «қауіпті азамат» мектеп ауласына күдікті зат қалдырып кеткені туралы жағдай модельденді.

  Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де террористік тұрғыдан осал объект басшыларының және мектеп қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу жұмысы ұйымдастырылып өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында шартты түрде «қауіпті азамат» мектеп ауласына күдікті зат қалдырып кеткені туралы жағдай модельденді. Мектеп қарауылы бұл туралы дереу мектеп әкімшілігіне хабар берді.

Мектеп басшылық құрамы жедел әрекет етіп, ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне ақпарат жолдады. Қауіпсіздік мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына ғимараттан шықпау туралы хабарлама берілді.

Ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен мектеп басшылығы күдікті затты мектеп ғимаратынан ұзақ жерге оқшаулап,оның адам өміріне қауіп төндірмейтінін анықтады.

Оқу-жаттығу жұмысы мектеп ұжымының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіруді мақсат етті.

 595183943 2265886343875409 6488062867769538959 n

    596731621 2265886303875413 3555107124856125281 n  596397713 2265886297208747 2254286637231828594 n