Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 24 желтоқсанда аудан, облыс және республика көлемінде спорт саласы бойынша жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Әміртаев, алғашқы әскери дайындық жетекшісі Е. Ерден, дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Рысдаулеттер қатысып, қазақ күресі бойынша жетістікке жеткен оқушыларды және баскетбол ойыны бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі орын иеленген қыздарды марапаттады.
Сонымен қатар қатысушыларға жаңа жылдық құттықтау лебіздерін білдірді.






