«Ұлт тарихы – ұрпаққа аманат» онкүндігі басталды
01.12.2025 күні С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Шежіре» пән-әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен тарих-құқық пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық тарихты тереңірек танытып, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, рухани мұраларды насихаттау арқылы ұлттың тұтастығы мен тәуелсіздігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушыларға тарихымыздың терең тамырын түсіндіру, олардың елжандылық қасиеттерін арттыру бағытында түрлі танымдық шаралар мен сабақтар өткізіледі.
Онкүндік аясында танымдық сабақтар
Ашық іс-шаралар
Тарихи деректермен жұмыс
Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жобалар ұйымдастырылмақ.






