С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Рақмет саған, Әліппе»

«Рақмет саған, Әліппе»

Отырар ауданы білім бөлімі "Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 "Ә" сынып жетекшісі: Пәрменқұл Гүлнұр Досыбайқызы 19.12 2025жылы сыныппен «Рақмет саған, Әліппе» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Әліппе пәнінен оқу барысында алған білімдерін қорыту,төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ұстаздарға ата-аналарына көрсету. Өз ойларын ашық айту, өзін еркін ұстау сөйлеу мәдениетін ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту.Тәрбие сағаты «Ата мен немере» атты қысқаша көрініспен басталды. «Мектеп бізге барлығын үйретеді», Рақмет саған, Әліппе әндері хормен айтылып,оқушылар тақпақтармен жалғастырды. Сынып оқушылары «Әліппе» биін және Аяпова Ақжүніс «Ұстаз ана» әнімен Жұмабай Ақниет «Ұстазым» әнін шырқады.Қорытынды бөлімде ата-аналармен « Көз жанарынан тану» ойыны ұйымдастырылды. Әр ата-ана өз балдарының суреттен көзін табу арқылы сұраққа жауап беріп ойын қызықты өтті. Ата-аналардың қолдауымен балаларға ұлттық нақышта киім тігіп берген Шайхысламова Әсия апайға музыкамен сүйемелдеуші Ақтөреев Әділ ағайға алғысымыз шексіз. Қорытынды сөзде бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Кушерова Гүлнар апай мен ата-ана Бексейіт Анар апайымыз балаларға толағай табыстар тіледі.

 600899434 2274768779653832 3919412596430379245 n  600899434 2274768779653832 3919412596430379245 n 600426557 2274768792987164 8700322351303969735 n