С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Республикалық деңгейдегі жарқын жеңіс!

Республикалық деңгейдегі жарқын жеңіс!

💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐

🇰🇿Республикалық VII «Абайтану» олимпиадасында жүлделі ІІІ орын иеленген С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Қалдыбай Таңшолпан мен жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куанбаева Каракөз Сұлтанбекқызын мектеп ұжымы зор қуанышпен қарсы алды.

🥉Жеңімпаз оқушы мен ұстазын Отырар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, С. Әшіров атындағы мектеп ұжымы және сыныптастары ыстық ықыласпен күтіп алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

📗Осы сәтте Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай:

«Бұл жеңіс – ауданымыз үшін зор мәртебе. Таңшолпанға алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа биіктер тілейміз!» – деп, ақжарма тілегін жеткізді.

🏫Сондай-ақ, мектеп директоры Ә. Әріпбек шәкірт пен ұстаздың еңбегін ерекше атап өтіп, олардың табысты жолы жас ұрпаққа үлгі болатынын айтып, жүрекжарды құттықтау сөзін арнады.

🔥Жас абайтанушыға алдағы білім сапарында толағай табыс, жаңа жеңістер мен шабыт тілейміз!