«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәуір айының тоғызыншы жұлдызында «Жасанды интеллект: бастауыш білімнің жаңа көкжиегі» тақырыбында «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Иманбек Тазагүл апайымыз 4 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен "Жазықтар мен таулар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақты оқушылардың зейіндерін тұрақтатып алу үшін «Жылдам әрі тез» түрлі -түсті сөздердің түстерін ғана атау арқылы орындайтын жаттығуды орындатып, психологиялық ахуалды қалыптастырды. Сабақты керуенмен саяхат жасаудан бастап, үлестірмелі қоржындар арқылы сыныпты 3 топқа бөліп алды. Өткен сабақты интербелсенді тақтадан «Ғажайып оюлар» тапсырмаларымен және «Wordwall» қосымшасындағы тапсырмалар арқылы бекітті. Мұғалім жазықтар мен таулар туралы, жер бедері туралы қысқаша мағлұмат беріп, оқушыларға мәтіннен тірек сөздерді таптырды. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалды. Мұғалім сабақта "жасанды интеллект" технологиясының элементтерін пайдаланды. Оқушылар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында "Керуен"әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.