С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндігі

«Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндігі

«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәуір айының он бесінші жұлдызында «Жасанды интеллект: бастауыш білімнің жаңа көкжиегі» тақырыбында «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Түкібай Ләззат 4 “Ә” сыныбына «Дені саудың-жаны сау» спорттық ойын сабағын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, дене белсенділігін арттыру , ұйымшылдыққа тәрбиелеу және көңілді атмосферада спорттық жарыс өткізу. Ойынның барысында оқушылар «Жас қырандар» және «Жас тұлпарлар» тобына топтастырылды. Сайыс

І айналым «Доппен секіру»

ІІ айналым «Шармен секіру»

ІІІ айналым «Боулинг»

ІV айналым «Хоккей таяғымен допты алып жүгіру»

V айналым «Кольцомен қосарланып жүгіру»

VI айналым «Қатты картонды аяқтарына киіп жарысу»

бөлімдерінен құралып, әр айналым ұпаймен бағаланып отырды. Қазылар алқасы әр кезеңнің нәтижесіне қарап, қорытынды жасады. Сайыс соңында , оқушыларға тек биік шыңдарды бағындыруына сәттілік тілеп, мақтау қағаздарымен марапаттады.