С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болды.

1 сәуір күні – «Жасанды интеллект: бастауыш білімнің жаңа көкжиегі» тақырыбында «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болды. Бастауыш сынып мұғалімдері таңертеңгі уақытта оқушылар мен мұғалімдерді «Көңілді сәлемдесу», «Сиқырлы сандық» тапсырмаларымен қарсы алып, сұраққа дұрыс жауап бергендерге қаламсап, құрт, бауырсақтар ұсынды. Онкүндіктің ашылуы мәжіліс залында жалғасын тапты. Іс-шара барысында мектеп директоры Әріпбек Әділхан ағай сөз сөйлеп, онкүндіктің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Бастауыш сынып мұғалімдері Айдарбекова Раушан, Алимбекова Махаббат, Сартай Даналар ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бастауыш сынып оқушыларын тапқырлыққа, ұшқырлыққа баулитын жұмбақтар шешкізіп, жаңылтпаштар айтқызды. Соңғы сөзді бастауыш оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кушерова Гулнар апай сөйлеп, онкүндіктің бағдарламасымен таныстырып, бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдерінің жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.