С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндік

«Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндік

«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәуір айының екінші жұлдызында «Жасанды интеллект: бастауыш білімнің жаңа көкжиегі» тақырыбында «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Алимбекова Махаббат 2-4 сыныптар аралығында «Артық затты таста, кітап оқуды баста» минутқа оқу сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың оқу жылдамдығын, дұрыс оқу дағдысы мен мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Сайыс үш кезеңді қамтыды. І кезең «Ғажайып кітаптар» сұрақ—жауап айдарында оқушылар интербелсенді тақтадан кітаптарды таңдап, сұрақтарға жауап берді. ІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде оқушылар кеспе қағаздарда берілген ертегі бөліктерін ретімен құрастырып шықты. ІІІ кезең — шешуші кезең, «Бір минут» айдары. Бұл кезеңде оқушылар өздеріне берілген мәтінді жеке—жеке бір минутта мәнерлеп, жылдам, қатесіз оқып шықты. Қазылар алқасы осы кезеңнің нәтижесіне қарап қорытынды жасады. Сайыс соңында директордың бастауыш оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көшерова Гүлнар апай сөз алып, оқушыларға тек биік шыңдарды бағындыруына сәттілік тілеп, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Минутқа оқу сайысы қызықты тапсырмаларымен оқушыларға пайдалы болып, өз дәрежесінде өтті.

и ещё 7

Все реакции:

54Вы, Фатима Турымбетова, Mahabbat Alimbekova и ещё 51