С.Әшіров атындағы жалпы орта мектебінде 20.01.26 күні математика,информатика пәндері онкүндігі жоспарына сай физика және информатика пәндері мұғалімі Шаденова Нұрсұлу 5-ә сыныбында информатика пәнінен «Робот түрлері және оларды қодану » тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылармен топтық,жұптық және жеке жұмыстар жүргізілді. Балалар робот түрлерімен, олардың шығу тарихымен танысты. Жұптық жқмыс барысында жасанды интеллекті пайдаланып өздеріне қажетті мағлұматтар алуды үйренді. Сабақ барысында оқушыларға сапалы білім беруде түрлі әдіс-тәсілдер қолдану, оларды түрлендіріп отыру маңызды роль атқарады.






