С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

«Сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Айдарбекова Раушан Жалгасбеккызы 11.12.25ж 2 «Ә» сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушыларға сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақтар қою арқылы табу жолдары меңгерту көзделді.

Сабақ көңілді сәлемдесу әдісімен басталды. Оқушылар «Кітапхана» әдісі арқылы үш топқа бөлінді. Үй тапсырмалары сұралып, өткен сабақты wordwall платформасынан ойындар ойнатып, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Мұғалім Жи арқылы жаңа сабаққа түсіндірмелер жүргізді. Оқушылар экранда берілген сөйлемдегі сөздерге сұрақтар қоя отырып, олардың байланысын анықтады. Балалардың таным әрекеттерін дамыту мақсатында топтық жұмыстар жүргізді. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс «Оқушы» әдісі арқылы жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

 596299891 2267805460350164 4507250032278622501 n 597690342 2267805507016826 4866277500331213352 n 597693154 2267805577016819 1186184209747774138 n