С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Сабақтың өзегі — Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Сабақтың өзегі — Ұлы Отан соғысы жылдарында.

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы Ерден Ерғазы Манапұлы оқушыларға тарихи сана мен елжандылықты қалыптастыру мақсатында тағылымы терең саяхат сабағын өткізді. Сабақтың өзегі — Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздардың тағдырын түгендеумен айналысатын, ел аумағындағы жалғыз ұйым — “Atamnyn Amanaty” қоғамдық бірлестігінің өнегелі жұмысы болды.

Саяхат сабағы барысында оқушылар аталған ұйымның мақсат-міндеттерімен, архивтік іздестіру жұмыстарының маңыздылығымен танысып, өз батырларымыздың есімін есте сақтау жолында атқарылып жатқан шараларға куә болды. Ерлік пен естеліктің ұштасқан бұл сабақта жас буын жауынгер бабаларға деген тағзым мен тарихи мұраны қастерлеудің қаншалықты маңызды екенін терең сезінді.

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи жадыны қалыптастырудың жарқын үлгісі.